
2022 жылдың 14-22 ақпаны аралығында 9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңі өтті.
«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М.М.Төлеухан олимпиада өту барысында ашықтықты және академиялық адалдықты бақылау үшін бақылаушы ретінде қатысты.
Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізілді: биология, информатика, физика, география, математика, химия, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті,құқық негіздері, Қазақстан тарихы және өзін-өзі тану..
Олимпиада өткізілетін сыныптарда және қазылар алқасына арналған кабинетте бақылау камералары орнатылды.
Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды. Олимпиаданы өткізу барысында бұзушылықтар болған жоқ.