
«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі кәсіпкерлік және туризм бөлімінің маманы Г.Жиенбаевамен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар өнімдердің (ӘМАТ) 19 түрінің бағаларына мониторинг жүргізді.
Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі 19 атаудан тұрады. Қала кәсіпкерлеріне Ішкі сауда ережелеріне сәйкес ішкі бөлшек сауда субъектілері сатып алу бағасының 15% - ынан аспайтын мөлшерде сауда үстемесін белгілеуі тиіс деген ақпарат жеткізілді.
«Риддер – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз кезегінде өнімдерінің шектік бағадан асып кетпеуіне үнемі қоғамдық бақылау жүргізетін болады.