Қайғылы жағдай болмас үшін

Қайғылы жағдай болмас үшін

Жылыту кезеңінде өрттің туындау қаупі артады, бұл қала тұрғындары тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді. От азаматтардың мүлкін аяусыз жояды, ересектер мен балалардың қауіпсіздігі мен өміріне қауіп төндіреді.
Бірлескен жұмыс жоспары мен бекітілген кестеге сәйкес Риддер қаласының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері ай сайын учаскелік инспекторлармен, әлеуметтік қызметкерлермен бейәлеуметтік өмір салтын жүргізетін, спирттік ішімдіктерді пайдаланатын қолайсыз отбасылармен профилактикалық рейдтер жүргізеді. Аталған себептер салдарынан азаматтардың тұрғын үйлері өрт қаупінің туындау тәуекеліне барынша ұшырауы мүмкін. Қзметкерлер апта сайын көп балалы отбасыларға барып тұрады, онда рейдке қатысушылар пешпен жылытуды және газбаллонды жабдықты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау бойынша, сондай-ақ бұрын орнатылған улы газ датчиктерін жұмысқа қабілетті күйде ұстау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Өрттің себебі электр жабдықтарын, электр сымдарын, ақаулы немесе қолдан жасалған электрмен жылыту құралдарын пайдалану ережелерін бұзу болуы мүмкін.
Аталған қауіптер орын алмас үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаңыз.
Есіңізде болсын, электр жабдықтарын немесе пештерді жөндеуге үнемдеу, ұмытылмаған темекі, қосылған және қалдырылған электр құралдары үлкен қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін. Балаларыңыздың қауіпсіздігі туралы да ойланыңыз - олардың бос уақытын қамтамасыз етіңіз және қараусыз қалдырмаңыз.
Өрт шыққан жағдайда өртке қарсы қызметтін "101", "112" немесе 4-26-00 телефоны бойынша шақырыңыз.

Риддер қ. ТЖБ