«Риддер-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 2021 жылғы жұмыс қорытындылары туралы тікелей эфир өтті

«Риддер-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 2021 жылғы жұмыс қорытындылары туралы тікелей эфир өтті

«Риддер-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 2021 жылғы жұмыс қорытындылары туралы тікелей эфир өтті.
Тікелей эфирде «Риддер-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі әкімнің кеңесшісі Төлеухан Мәдина Маратқызы және қала әкімі аппаратының басшысы, жобалық кеңсенің кураторы Қосантаев Дархан Дауренбекұлы баяндама жасады.
Қалада 2019 жылдың наурыз айынан бастап «Риддер-Адалдық алаңы» жобасы іске асырылуда. Жобалық кеңсенің қызметі сыбайлас жемқорлықтың көріну фактілеріне толық төзбеушілік атмосферасын құруға бағытталған, - деп атап өтті аппарат басшысы Дархан Дәуренбекұлы.
Жыл басынан бері қалада барлығы 60 мониторингтік іс-шара өткізілді, оның ішінде бірінші кезекте қажетті әлеуметтік маңызы бар тауарлардың, оның ішінде дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының бағасына , жолдарды жөндеуге,жылу беру маусымына дайындығы, «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы бойынша салынған үйлердің сапасына мониторинг жүргізілді және т.б. бар. Сондай-ақ, мониторинг жұмыстарымен денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету салалары қамтылды. Пандемия кезеңінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту, халықпен кедергісіз байланыс орнату мақсатында «Antikor Live» жобасы шеңберінде әлеуметтік желілердегі жобалық кеңсенің ресми парақшаларында 34 тікелей эфир өткізілді – дедп атап өтті Мәдина Маратқызы.