
2021 жылғы 23 желтоқсанда Риддер қаласы әкімінің төрағалығымен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай жиналыс өткізілді.
Жиналысқа «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысы, аппарат мамандары және дербес бөлім басшылары қатысты.
«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Мадина Маратқызы 2021 жылда атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің жетекші маманы «Адал көмек» жобасын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Жиналыс соңында, қала әкімі ағымдағы жылы атқарылған жұмысқа баға беріп, алдағы жұмысқа сәттілік тіледі.