Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, олардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі арнайы мониторингтік топтың төрағасы,Риддер қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы Е.В. Агешкинамен, сондай-ақ Риддер қаласының прокуратурасымен бірге полиция қызметкерлерінің видеожетондарды пайдалануына мониторинг жүргізілді.

Полиция қызметкерлерімен бірге жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері бойынша қала көшелерінде рейдтер жүргізілді. Мониторинг барысында жобалық кеңсенің басшысы бейнеожетондардың жұмыс істеуіне, олардың дұрыс пайдаланылуына назар аударды.
Қалалық полиция бөлімінде 12 видеожетон және ақпаратты сақтауға арналған бір станция бар.
2020 жылы қала прокуратурасымен видеожетондардың жұмыс қабілеттілігі мен жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілді. Тексеру барысында бұзушылықтар қатары анықталып, олар бойынша ұсыныс жолданды.Ағымдағы мониторинг барысында аталған бұзушылықтар жойылғаны атап өтілді.