
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Риддер қаласының білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қалалық байқауы өтті. Аталған шарада «Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Төлеухан қазылар алқасының мүшесі болды.
Еліміздегі жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру мақсатында құрылған «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының мақсаты – жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жауапкершілік , патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Қазіргі күні қаламыздың барлық мектептерінде «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы жұмыс істеуде.
Байқау үш кезенде өтті: «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» сүреттер байқауы, үздік театрланған қойылым байқауы, клубтардың жұмысы туралы видеороликтер байқауы.
Қазылар алқасының бірауызды шешімімен 1 орынды «№14 орта мектебі» КММ клубы иеленді.