Құрметті риддерліктер!

Құрметті риддерліктер!

Сіздерді басты мемлекеттік мереке-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке-көпұлтты Қазақстанның өміріндегі айтулы оқиға. Бүгін біз республикамыздың туы биікте желбіреп, халқымыздың сан ғасырлық арманы орындалған күн – еліміздің отыз жылдығын тойлап жатырмыз.

Халық бірлігін негізге ала отырып, барлық қиындықты жеңдік.

Бүгінде мемлекетіміз еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сенімді басшылығымен экономиканы табысты дамытуды, әлеуметтік саланы нығайтуды және демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды жалғастыруда.

Құрметті жерлестер!

Тәуелсіздік алған жыл өткен сайын біз кемелденіп, сенімді әрі күшті болып келеміз. Біз өз тарихымызды еске алып, бастан кешкен, атқарылған істерді бағалаймыз, мемлекеттегі оң өзгерістер мен саяси тұрақтылықты көреміз. Біз ең басты байлығымыз – халық бірлігін, бейбітшілік пен келісімді нығайту жолында әрқайсымыз өз істерімізбен жалғастыруымыз керек.

Баршаңызға жақсылық, зор денсаулық, отбастарыңызға бақыт пен береке, жаңа жетістіктер мен барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін.

Тәуелсіз Қазақстанның достығы, бірлігі, татулығы мен берекесі нығая берсін!

Тәуелсіз Қазақстанымыз нығайып, гүлдене берсін!

Риддер қаласының әкімі Д. Горьковой