
2021 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Н.В. Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері "Не? Қайда? Қашан"зияткерлік ойынын өткізлі.Басты мақсаты елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін атап көрсету, сондай-ақ қазақ халқының бай және дана дәстүрлерін еске түсіру болды.
Зияткерлік ойынға үш команда қатысты:"Жеңіс " - қала ардагерлері құрамасы;"Құтқарушылар " - 1 – МӨСБ және 14-ӨСБ қызметкерлері;"Айқын" - РАТК студенттері.
Зияткерлік сайыс өте тартысты өтті, нәтижесінде 9 ұпай жинаған "Жеңіс" командасы лайықты жеңіске қол жеткізді.
Жеңімпаздарға құрметті 2- орын алған "Құтқарушылар" командасы сәл ғана жол берді.
3 орын алған "Айқын" командасы да командалық рух пен жақсы білім көрсетті.
Барлық зияткерлерді жеңісімен құттықтаймыз!