
Жақын арада бәріне сүйікті мереке – Жаңа Жыл болады. Бұл әсерлі мерекенің тамаша жаңа жылдық дәстүрлерінің бірі - сиқырлы атмосфера жасайтын фейерверк ұшыру, петарда және басқа да пиротехниканың жарылуы. Салют ұшыру әкелетін позитивті сезімдер мен таңдану әсерінен басқа да, мұндай алданыштың басқа да жағы бар - адамдар денсаулығы үшін қауіп-қатер. Біздің мемлекетіміздің тұрғындарының көпшілігінің өте жақсы көңіл-күйі қауіпсіздік техникасымен үйлескенде қайғылы зардаптарға әкеледі.
Риддер қ. ТЖБ ескертеді, келесілерге тыйым салынады:
- жабық бөлмелерде, пәтерлерде пиротехникалық бұйымдарды қолдану, балкон мен лоджийлерден фейерверк ұшыру;
- жарамдылық мерзімі өтіп кеткен немесе көзге көрінетін белгілері бар бұйымдарды қолдану (қаптаманың бұзылуы);
- қолдану нұсқаулығында көрсетілмеген кез келген әрекеттерді жасау, сонымен қатар пиротехникалық бұйымдарды тексеру мен өзгерту;
- суланған пиротехникалық бұйымдарды жылу құрылғыларында және ашық от маңайында кептіруге;
- бұйымдарды қолдан ұшыруға, және олардың жұмысы аяқталғаннан кейін 10 минуттан ерте бұйымдарға жақындауға;
- жандыру кезінде фитильді адам беті жанында ұстауға (фитильді созылған қол қашықтығында жандыру қажет);
- пиротехниканы қатты жел кезінде қолдануға;
- фейерверктерді адамдарға, жануарларға бағыттауға, петардаларды аяқ астына лақтыруға;
- жанып тұрған фейерверк үстіне еңкеюге;
- жанып тұрған салюттар мен фейерверктерден 15 метр қашықтықтан жақын орналасуға;
- істемей қалған пиротехникалық бұйымдардың фитильдерін тексеруге тырысу;
- істемей қалған пиротехникалық бұйымдарды жағып жіберуге (оларды 2 тәулік мерзімге суға орғаналастыру қажет, кейін әдеттегі тұрмыстық қоқым-соқымдармен қайта өңдеу).
Көбі фейерверктер мен мереке үшін басқа да бұйымдарды ерте бастан, тым болмаса Жаңа Жылға бір жұма қалғанда сатып алады, яғни оларды үйде сақтайды. Сондықтан ережелерді сақтау өте маңызды:
- бұйымдарды балаларға қол жетімсіз өзіндік қаптауда, жылы және құрғақ бөлмеде сақтау;
- пиротехникалық бұйымдарды бөлшектеуге;
- оларды температурасы 30 градустан асатын немесе жылу құрылғылары жанындағы тым ылғал немесе тым құрғақ бөлмелерде сақтауға болмайды;
- егер сіздің пиротехниканыз тым дымқылданса - еш жағдайда оны жылыту құрылғыларында немесе фен көмегімен кептіруге болмайды.
Пиротехника қолдануда қауіпсіздік туралы ұмытпаңыз, мерекелеріңізді қайғыландырмаңыз!
Риддер қ. ТЖБ