
Мамандықты таңдау өмірдегі жолыңызды анықтауды білдіреді. Әбілқайыр Қанат ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына (бұрын Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институты) оқуға түсуді шешкен кезде өз таңдауын жасады.
Мектепті сәтті бітіріп, ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша шекті балл жинап, денсаулығына байланысты әскери қызметке жарамды деп танылып, түсу емтихандарын сәтті тапсырып, конкурстан өтіп, күндізгі оқу бөліміне қабылданды.
Тегін киім-кешекпен, тамақпен және мемлекеттік стипендиямен қамтамасыз етілген жас курсант төрт жыл бойы Отанға қызмет ету ғылымын таныды. Әр түрлі спорт түрлерімен айналысу, оркестрде ойнау және шығармашылықтың басқа салаларында даму – Академияда бәрі мүмкін.
"Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық" мамандығы бойынша оқу орнын бітіріп, лейтенант атағын және әскери іс және қауіпсіздік бакалавры дәрежесін алып, Қанат 2020 жылдан бастап Риддер қаласының ТЖБ-да азаматтық қорғаныс тобының офицері лауазымында жұмыс істейді.
Құтқарушылар мамандығы қиын сәттерде адамдарға көмектесу қабілетімен және өз елінің игілігі үшін абыроймен қызмет ету мүмкіндігімен тартады.
Беделді мамандықты ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясында алуға болады. Оқу уақыты әскери қызмет өткеруге теңестіріледі. Түлектері кепілді түрде жұмыспен қамтамасыз етіледі.
Өз өмірін құтқарушы мамандығымен байланыстырғысы келетіндер анықтама алу үшін Риддер қ., Тәуелсіздік, 18-А, тел. 4-57-51, uchs_ridder_vko@emer.kz хабарласуыңызға болады.
Риддер қ. ТЖБ