
«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Төлеухан Риддер қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы, арнайы мониторингтік топтың төрағасы Е. В. Агешкинамен бірлесіп «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК жұмысына бақылау жүргізді.
«Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ға:стационар, 2 емхана,2 медициналық пункт, жылжымалы медициналық пункт жатады.
Штат бойынша 43 дәрігер, орта медициналық персонал-118.Қазіргі таңда 13 дәрігер жетіспейді.
Әңгіме барысында Н.Н. Шахова емхананың жұмысы, балалар мен жүкті әйелдерді вакцинациялау барысы және халықтың скринингтен өту барысы туралы айтып берді.
Сондай-ақ,Сovid-19 белгілері бар пациенттерге баратын емхананың мобильді бригадасының жұмысы атап өтілді.
Мониторинг соңында медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша тұрғындармен әңгіме жүргізілді.
Халықтың басты мәселесі-дәрігерге кезек және талондардың болмауы. Бұл проблемалардың себебі-дәрігерлердің жетіспеушілігі. Бұл шағымдар жобалық кеңсенің бақылауында болады.