
Конкурсқа қатысуға жер телімдері мәжбүрлеп алып қойылғандар тізімінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ, бір жылдың ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздарын қоспағандағы, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына жол беріледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім және конкурстық ұсыныстар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1-бабының және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу» қағидаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2021 жылғы 10 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін он бес жұмыс күні ішінде ШҚО, Риддер қаласы, Семипалатинская көшесі, 12 мекенжайы бойынша «Риддер қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ жүзеге асырылады.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу және қорытынды шығару 2022 жылғы 6 қаңтарда сағат 10:00-де ШҚО, Риддер қаласы, Семенова көшесі, 19 (әкімдік ғимараты) мекенжайы бойынша өтеді.
Конкурс мынандай жағдайда өткізілмеді деп танылады:
1) конкурсқа шығарылған әрбір жер телімі бойынша конкурста екіден кем өтінім келіп түссе,
2) егер конкурсқа шығарылған әрбір жер телімі бойынша конкурсқа қатысуға екіден кем қатысушы жіберілсе.
Конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің тізбесі