Жергілікті қоғамдастық өкілдерімен пікір алмасу мақсатында кездесу өтті

Жергілікті қоғамдастық өкілдерімен пікір алмасу мақсатында кездесу өтті

2021 жылғы 15 қарашада «Риддер-Адалдық Алаңы»  жобалық кеңсесінің жетекшісі Риддер қаласының жергілікті қоғамдастық өкілдерімен пікір алмасу кездесуі өткізді.
Кездесуге «Риддер қаласының жастар ресурстық орталығы» ММ директоры, жергілікті маслихат депутаты Е. Донцова, Риддер қаласы достық үйінің директоры Н. Климова, Риддер қаласының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А. Эсенова, Риддер қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы Е. Агешкина, Риддер қаласының ардагерлер кеңесінің мүшесі З. Степанова , және Риддер қаласының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Д. Подкульдинов қатысты.Кездесу барысында автобус қозғалысы, жолдарды тазалау, ескерткіштерді қалпына келтіру тб мәселелер талқыланып шешу жолдары қарастырылды.