Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына қоғамдық бақылау

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына қоғамдық бақылау

«Риддер-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Төлеухан «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлық қоғамы Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Риддер қаласының бөлімі халыққа қызмет көрсету орталығы мен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына бақылау жүргізді.

Мониторинг барысында, мекеменің компьютерлік кұрылғыларының техникалық жағдайы, интернет желісінің жылдамдылығы, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері қарастырылды. Жобалық кеңсесінің басшысы қызмет алушыларды ақпараттандыру үшін ақпараттық стендтерді орнату ұсынды.