
«Риддер-Адалдық-Аланы»жобалық кеңсесінің жетекшісі «Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі» ММ маманы Н.В.Свинаревамен бірлесіп мемлекеттік мекемелерде мүмкіндігi шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастыру бойынша өткізілген іс-шараларға мониторинг жүргізді.
Мониторинг келесi мемлекеттiк мекемелерде жүргiзiлдi:
-ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Риддер қаласының филиалы;
-«Риддер қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ;
-7 ауданның дәрігерлік амбулаториясы.
Мониторинг қорытындысы бойынша нысандарға байланысты бірқатар ұсыныстар жасалды.