Ардагерлермен кездесу

Ардагерлермен кездесу

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2021 жылғы 11 қараша күні Риддер қ. ТЖБ, "ӨС және АҚЖҚ" ММ 1-МӨСБ және 14-ӨСБ қызметкерлері ШҚО ТЖД ардагерлерімен кездесу өткізді.

Шендік қызметке 37 жыл өмірін сарп еткен әскери полковник Евгений Щебет азаматтық қорғау органдарындағы жұмысы, атқарған мақсаттары мен міндеттері туралы, тауда жоғалып кеткен, суда зардап шеккендерді іздеу кезінде құтқару операцияларына қатысу, жоғарғы орман өрттерін сөндіру, көктемгі су тасқыны салдарын жою және олармен кұресу туралы естеліктерімен бөлісті.

Евгений Иванович Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасын 10 жылдан астам уақыт мерзімде басқарды. Осы жылдар ішінде көптеген жас ұрпақпен бөлісетіндей көп қиындықтардан өтті.

Дәл осы бағытта, бас маман Любовь Храпова өмірінің 25 жылын Риддер қ.ТЖБ жұмысына арнаған. Ол жан өз уақытында төтенше жағдайлардың алдын алу, тұрғындарды және оқушыларды оқытумен айналысты, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеген.

Сонымен қатар, ааматтық қорғаныс мәселелерімен, оның ішінде қорғаныс құрылыстарымен, химиялық және радиациялық қорғаумен, гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігімен, "Ерекше уақытқа" жоспарлар мен карталар құрастырумен Риддер қ.төтенше жағдайлар басқармасында 28 жылға жуық мерзімде Галина Курбатова айналысқан.

Аталған ардагерлер жас ұрпаққа ұсыныстар беріп, таңдалған салада сәттілік тіледі.

Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы