
04 шілдеде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Риддер қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ қала жастарымен бірлесіп «Саво шыңына» шықты. Биікке көтерілу ұлттық мереке Домбыра күні мен Елорда күніне арналды. Осы іс - шаралар шеңберінде шыңда «Ерке сылқым» күйі орындалды және мемлекеттік ту көтерілді.