Риддер қаласының кәсіпкерлері мен тұтынушыларының назарына!

Риддер қаласының кәсіпкерлері мен тұтынушыларының назарына!

Риддер қаласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру және халыққа қызмет көрсету мәдениетін арттыру мақсатында, ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес, кәсіпкерлер сатушылардың, ретке келтіруші персоналдың тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген, фотосуреті орналастырылған омырау карточкасының (бейджінің) болуын қамтамасыз етуге міндетті. ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 24-бабы 9-тармағы және 33-бабы 1-тармағы негізінде.

Кәсіпкерлер өз дүкендерінде, бөлімдерде, дәріханаларда, медициналық орталықтарда, балабақшаларда және т. б. «Тұтынушы бұрышы» ақпараттық стендтерін жасауға және оларды көрнекі жерге орналастыруға міндетті. Көрсетілген стендтерде келесі ақпарат орналастырылсын:

  1. ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 26-бабы 1-бөлігі негізінде өзінің тегі, аты, әкесінің аты, өз телефонының нөмірі, фирманың, дүкеннің және т.б. атауын, дүкеннің, фирманың және т. б. орналасқан мекенжайы туралы ақпарат.
  2. Бақылау-касса машиналарының тұрған жерінде тұтынушының бақылау кассалық чегін алу қажеттілігі туралы ақпарат. ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 24-бабы 12-тармағы негізінде.
  3. Сатушыға, қызмет көрсетуші персоналға, кәсіпкерге фото-, бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынатыны туралы ақпарат. ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 24-бабы 12-тармағы негізінде.
  4. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайы және телефон нөмірі туралы ақпарат - Риддер қ., Семенова к-сі, 4 үй. Т. 4-50-50. Т.8-777-981-89-59. ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 26-бабы 4-бөлігі негізінде.

Тұтынушылар-өнімдерді, тауарларды, қызметтерді сатып алушылар көрсетілген ақпаратты сатушылардан, кәсіпкерлерден талап етуге және өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын талап етуге құқылы!