«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы М.М. Төлеухан сыбайлас жемқорлық фактілері туралы оқушылардың

«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы М.М. Төлеухан сыбайлас жемқорлық фактілері туралы оқушылардың

«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы М.М. Төлеухан сыбайлас жемқорлық фактілері туралы оқушылардың, олардың ата-аналарының жазбаша өтініштерінің болуына сенім жәшіктерін тексеру мақсатында қала колледждеріне барды.
Ағымдағы жылдың 9 айында жазбаша өтініштер түскен жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың ақпан айында «Сенім жәшігі» акциясы аясында Риддер қаласының колледждерінде («Риддер көпсалалы колледжі» КММ және «Аграрлық-техникалық колледжі» КММ) оқушылардың, олардың ата-аналарының сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жазбаша өтініштері үшін сенім жәшіктері ашылды.
Сондай-ақ, ниет білдірушілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.
Өтініштерге барлық байланыс деректері көрсетіле отырып, қол қойылуы да, анонимдік те болуы мүмкін.
Бұл «Сенім жәшігі» сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу мақсатында әзірленген.«Сенім жәшігі» арқылы алынған ақпаратпен жұмыс істейтін лауазымды тұлғалар алынған мәліметтердің құпиялылығын сақтауға дербес жауапты болады.