
Ағымдағы жылдың 28 қазанында қаланың жастар ресурстық орталығында «Парасат жолы» жобасы аясында орталық кітапхана қызметкерлері мен қалалық мәслихат депутаты Е.Донцованың қатысуымен танымды іс-шара өтті. Шараға Риддер аграрлы-техникалық колледжінің «Адал ұрпақ» клубының мүшелері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушыларға Риддер қаласында «Парасат жолы» жобасының іске асырылуы туралы айтылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта деректі роликтер көрсетілді және шағын сауалнама жүргізілді.