
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жергілікті атқарушы органдарды Халықпен тығыз өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшіру туралы тапсырмасын орындау мақсатында «Шығыс-Адалдық Алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде Риддер қаласында 2020 жылғы 26 тамыздан бастап «Ашық әкімдік» жұмыс істейді.
Оның басты мақсаты халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту,азаматтардың өтініштерін «бір терезе» қағидаты бойынша қабылдау,қызмет алушылар үшін қолайлы жағдай жасау және азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру болып табылады. Ашық әкімдікте 7 бөлімнің мамандары қабылдайды, бұл халыққа сұрақтармен, проблемалармен, шағымдармен және ұсыныстармен тікелей жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне жүгінуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда 2000-ға жуық қызмет көрсетілді.