«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы «Риддер қаласының білім бөлімі» ММ маманы А.Каппасовамен бірлесіп әлеуметтік

«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы «Риддер қаласының білім бөлімі» ММ маманы А.Каппасовамен бірлесіп әлеуметтік

«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы «Риддер қаласының білім бөлімі» ММ маманы А.Каппасовамен бірлесіп әлеуметтік санаттарға жататын оқушыларды қамтамасыздандыру жұмыстарына мониторингін жүргізді.

Риддер қаласының білім беру мектептерінде 7319 оқушы оқиды. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес 386 оқушы бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.Оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар-75,жан басына табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен АӘК алмайтын отбасылардан шыққан балалар-241, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар-67, білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттар-3.
Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 30,765 млн.теңге бөлінді.

Сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау шеңберінде қаланың барлық жалпы білім беретін мектептерінде 2020-2021 оқу жылында жаңа 2021-2022 оқу жылына тегін мектеп формасымен және мектеп аяқ киімімен қамтамасыз ету үшін балалардың деректер тізбесі қалыптастырылды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 18 млн 759 теңге бөлінді. 2021 жылдың 1 қыркүйегінде 635 оқушы тегін мектеп формасы мен аяқ киімін алды.
Мониторинг аясында жобалық кеңсенің басшысы «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ және «№1 мектеп-лицей» КММ-де болды. 
«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ-де әлеуметтік санаттарға жататын 35 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.«№1 мектеп-лицейі» КММ-де 8 бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген. 2 бала асхананы жалға алушы ЖК «Родякин» есебінен қамтамасыз етіледі.