Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы

Орналасқан жері: ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40;

пошталық мекенжайы: 070019, ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40;

электрондықпоштасы: u.predprinimatelstva@akimvko.gov.kz;

байланыс телефоны: 8 (7232) 71-32-61;

Конкурстыңнысанасы: "Бизнестіңжол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жаскәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Байқау түрі: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: Өскемен қ. Ауезова 26/1 көшесі, 1 қабат кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және Qoldau.kz субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта арқылы, электрондық нысанда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2021 ж. "2" қарашадан бастап 2021ж. "12" қарашаға дейін жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2021 ж. "2" қараша сағат 10.00-ден бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2021 ж. "12" қараша сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне өтінішті дайындау және Бағдарламаға қатысу үшін құжаттар жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін  Тәуелсіздік даңғылы, 3а мекенжайы немесе 41142-телефоны бойынша «Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ жүгінуге болады.