
«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы М.Маратқызы «Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Н.К.Коккозовпен бірлесіп қаладағы субұрқақтардың,бағдаршамдардың сапасы мен жұмысына мониторинг жүргізді.
Риддер қаласында 14 бағдаршам орнатылды. Бағдаршамдарды күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге 3558 мың теңге сомасында қаражат бөлінді.
Сондай-ақ, Тәуелсіздік даңғылы мен Уәлиханов көшесінің бойындағы бағдаршам нысандарын орнатуға 8410 мың теңге қаражат бөлінді.
Барлық бағдаршамдар жарамды күйде.
2022 жылы мәдениет сарайының алаңындағы субұрқаққа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.