Әлеуметтік нысандардың қысқы жылыту маусымына дайындығы

Әлеуметтік нысандардың қысқы жылыту маусымына дайындығы

«Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Көккөзовтың қатысуымен тікелей эфир өтті.

Тікелей эфир барысында Н.К.Көккөзов 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары туралы айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

2021 жылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша жылу беру маусымына дайындық бекітілген кестелерге сәйкес штаттық режимде өтуде.

Жылыту маусымына дайындық аясында барлық 33 білім беру нысаны жылу энергиясын алдын ала пайдалануға техникалық дайындық актілерін алды

2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық аясында денсаулық сақтау объектілерінде барлық жөндеу және алдын алу жұмыстары жүргізілді және техникалық дайындық актілері алынды-деп атап өтті Н.К.Коккозов.

Бюджеттік қаржыландыру бойынша отынның жалпы қажеттілігі 731 тоннаны құрайды, оның ішінде:

- білім беру объектілері 295 тонна-100%жеткізілген:

- Денсаулық сақтау объектілеріне қажеттілік 10 тонна-100% жеткізілді

- Мәдениет нысандары, қажеттілік 16 тонна-100% жеткізілді