
2019 жылдың тамыз айынан бастап біздің мемлекетімізде «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» және «Ашық бюджеттер» жобалары іске асырылуда. Бұл порталдар ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдету, азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенім деңгейін арттыру және билік пен азаматтық қоғам арасында тікелей байланыс арнасын құру үшін құрылған.
«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» мемлекеттік мекемелердің халық алдындағы есептілігін күшейтетін сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктерінің бірі, сондай-ақ ел Президенті ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының талаптарына жауап беретін мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы диалогты қамтамасыз ететін әмбебап құрал болып табылады.
Интерактивті карта нақты уақыт режимінде өңірдің әлеуметтік объектілерін салуға, жөндеуге және күтіп - ұстауға бөлінген бюджет қаражаты туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді көрсетеді.Картаның көмегімен кез-келген азамат аймақтың әлеуметтік нысандарына (мектептер, балабақшалар, клубтар және т.б.) қанша қаражат бөлінгенін біліп, бюджет шығындарын бақылай алады.
Сомалар келіспеген немесе сәйкес келмеген жағдайда азаматтар нақты бағыттарға қаражат бөлу жөнінде өз ұсыныстарын енгізуге құқылы.
«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» - бұл әрбір азамат үшін нақты уақытта қолжетімді сыртқы ресурста бөлінетін бюджет қаражатын көрсету және бақылау, шағымдар, пікірлер жинау және ақпаратты талдау үшін жалпыға қолжетімді сервис.
Риддер қаласы бойынша статистикаға сәйкес 183 бюджеттер бар, бюджеттің жалпы сомасына - 37.9 млрд. теңге.