
2021 жылдың 14 қыркүйегінде ШҚО Білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің "№16 орта мектебі " КММ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған "Тәуелсіздік жетістіктері " тақырыбында ашық сабақтар өтті. Ашық сабақта Тәуелсіздіктің 30 жетістігі баяндалды.Сабаққа оқушылар белсене қатысып, тақырыпты кең ауқымды аша білді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіге байланысты әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, тақырып бойынша сыни сұрақтарға жауап таба алды.