
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп ұжымында ашық бюджеттердің интерактивті картасын жетілдіру және одан әрі жұмыс істеу мақсатында «Глубокое-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі «Ашық бюджет» тақырыбында семинар - кеңес өткізді.
Роза Қасиқызы өз сөзінде интерактивті карта азаматтарға аудан нысандарын ұстауға бөлінетін қаражатты бақылауға мүмкіндік беретін тиімді құрал екенін айтты.
Атап айтқанда, 2021 жылы картада 36 ұйымның бюджеттері көрсетілді, олардың қатарына барлық мемлекеттік мекемелер мен басқа да әлеуметтік объектілер кірді. Сонымен қатар, автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау сапасын, ауданды абаттандыруды және ауданды ұстауға жергілікті бюджеттен бөлінетін өзге де шығындарды қадағалауға мүмкіндік бар .
Халыққа қолжетімді барлық ақпарат, сондай-ақ ұсынылған деректердің сапасы «ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы жұмысының көрсеткіштері өлшем шарттарына кіреді (https://publicbudget.kz/ru), бұл өз кезегінде неғұрлым осал жерлерді анықтауға және мемлекеттік органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.
«Глубокое-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Р. Әділбаева атап өткендей, бұл құрал мемлекеттік органдар мен халық арасындағы қашықтықты қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ еститін мемлекеттің қағидаттарына сәйкес келеді.