
«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мамандарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген «Ішкі сауда қағидалары» 3-бөлімінің 1-параграфының 19-тармағымен, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 316 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар өнімдердің (ӘМАТ) 19 түрінің бағаларына мониторинг жүргізді.
Қазіргі уақытта Азық-түлік өнімдерінің орташа бағасы:
сиыр еті-1750 тг/кг,
сүт 230 тг/кг,
пияз 110 тг/кг,
картоп 200 тг/кг.
нан 75 тг / б,
тауық еті 950 тг/кг,
күнбағыс майы 680 тг/л,
ұн 1с 160 тг/кг,
қант 300 тг/кг
Мониторинг барысында сауда объектілерінің иелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны негізсіз көтеру фактілеріне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.