«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Маратқызы «Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысына талдау жүргізді

«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Маратқызы «Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысына талдау жүргізді

Талдау жүргізу барысында:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында орналастырылған стендтер тексерілді, көрнекілікке түстік мән беру,сондай-ақ сенім телефондарын, 1424 нөмірлерін танымал ету ұсынылды.
«Парасатты жол» жобасы аясында студенттермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңындағы өзгерістер тақырыбында кездесулер өткізіледі.
Ішкі саясат бөлімінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылатын «Риддер қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері тұрғындар арасында анонимді сауалнама жүргізеді.
Қала бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттайтын сыртқы көрнекі ақпараттың 3 құралы (баннерлер) орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау мақсатында «Менің қалам-Риддер» газетінде тұрақты негізде материалдар жарияланады.
Мониторинг барысында бұзушылықтар анықталған жоқ!
Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жобалық кеңсенің бақылауында болады!