«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Маратқызы «Риддер қаласының білім бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысына талдау жүргізді

«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Маратқызы «Риддер қаласының білім бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысына талдау жүргізді

Талдау жүргізу барысында:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында орналастырылған стендтер тексерілді, көрнекілікке түстік мән беру,сондай-ақ сенім телефондарын, 1424 нөмірін  танымал ету ұсынылды.

Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамасының негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кешенді жұмыс жүргізіледі.

Ең алдымен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі комиссия құру туралы» бұйрық шығарылды, оның негізінде мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі комиссиялар құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, құқықтық сана мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында ай сайын білім берудегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша білім беру мекемелерінің әкімшілік құрамымен және жұмыскерлерімен кеңестер және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Мектептерде 107 белсенді және саналы оқушылардан тұратын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары жұмыс істейді. Клуб мүшелері түрлі тақырыптық акцияларға белсенді қатысады, отырыстар, дөңгелек үстелдер, флешмобтар өткізеді.

Мониторинг барысында бұзушылықтар анықталған жоқ! Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жобалық кеңсенің бақылауында болады!