
Қалада барлығы 2 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді. Өрт сөндіру бөлімдерінде 13 бірлік өрт сөндіру автомобилі бар. Штат бойынша жеке құрам 55 адамды құрайды.
Мониторинг барысында Риддер қаласының1-МӨСБ «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының м.а. азаматтық қорғау капитаны О.А. Райымбеков өрт сөндіру бөлімінің жұмыс жүйесі туралы айтып берді.
Сондай-ақ бөлімде өрт техникасының келесі түрлері бар:
өрт сөндіру машиналары;
өрт сөндіру қондырғылары;
өрт сөндірушілердің жеке қорғану құралдары;
өрт сөндіру құтқару құрылғылары;
қол өрт сөндіру құралдары мен құрал-саймандар;
өрт сөндіргіштер, мотопомпалар, сорғылар және т.б.
Барлық техника жарамды күйде.