
Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 1477 адам тұр. Оның ішінде:
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-512 адам;
көпбалалы отбасылар-47 адам;
халықтың әлеуметтік осал топтары-513 адам;
мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері - 392 адам;
жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары-13 адам.
Тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қою «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» сервистік бағдарламалық өнімі арқылы жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылы «Ботаника» 3 тұрғын ауданында көп балалы отбасылар үшін 20 бір қабатты үй бөлу жоспарлануда.
Сондай-ақ, 2022 жылы Островский 40 мекен-жайы бойынша орналасқан жаңа 60 пәтерлі үйде кезекте тұрғандарға пәтер бөлу жоспарлануда.