«Риддер-Адалдық-Аланы» жобалық кеңсесінің басшысы Мадина Маратқызы Риддер қаласында вакцинация паспорттарын заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша мониторинг жүргізді

«Риддер-Адалдық-Аланы» жобалық кеңсесінің басшысы Мадина Маратқызы Риддер қаласында вакцинация паспорттарын заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша мониторинг жүргізді

23.08.2021 жылғы жағдай бойынша вакцинаның 1 компонентін 18910 адам,
2 компонентін 13358 адам алды.

Риддер қаласында жылжымалы медициналық комплекс күнделікті халықты вакциналау жүргізеді.
Вакцинацияны алу пунктінде азаматтар арасында вакцинациялау паспорттарын заңсыз сату фактісіне сауалнама жүргізілді. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерімен вакцинация паспорттарын заңсыз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы әңгіме жүргізілді.

Мониторинг жүргізу кезеңінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

Осы бұзушылық үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 385-бабында «жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» деп жазылған. Бап 2 000 АЕК (5,8 миллион теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.