
«Риддер – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандарының әлеуметтік желілердегі парақшаларына мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы тұрғысынан мониторинг жүргізді.
Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 80-ге жуық аккаунты зерттелді. 2 адамның аккаунтында күмәнді мазмұндағы 3 бейне анықталды. Анықталған кемшіліктер жойылады.
Мемлекеттік қызметшілерге қоғамға жат мінез-құлық туралы (оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде болу), эротикалық және порнографиялық мазмұндағы, имандылықты қорлайтын ым-ишараттар бейнеленген, сондай-ақ қарудың аясында немесе онымен бірге фотосуреттер мен бейнелер орналастыруға жол берілмейді.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі аккаунттарында былапыт сөздер мен нормативтік емес лексика, мемлекеттік рәміздерге құрметтемеушілік, ұлтаралық және діни алауыздықты насихаттау, мемлекеттің лауазымды тұлғалары мен басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке жат сөздер айтуға, сондай-ақ мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін сөздер айтуға жол берілмейді.
Президенттің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.