ҚР еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлердің еңбек шартының сақталуына мониторинг жүргізді

ҚР еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлердің еңбек шартының сақталуына мониторинг жүргізді

«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы М.М.Төлеухан әкім аппаратының персоналды басқару бөлімімен бірлесіп ҚР еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлердің еңбек шартының сақталуына мониторинг жүргізді.

Қазірі таңда 12  қызметкермен келісім шарт жасалған. «Enbek kz» бағдарламасында  деректер еңгізілген.

Қызметкер қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларына, тараптардың кәсіподақтардың қатысуымен келісімі бойынша еңбек дауларын шешуге құқығы бар.

Еңбек шартының еңбек жағдайларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты болады.

Еңбек шарты бойынша туындаған даулар тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады.

Даулар мен жанжалдар, сондай-ақ еңбек тәртібін бұзу бүгінгі күнге дейін байқалмайды.