
«Риддер-Адалдық алаңы»жобалық кеңсесінің басшысы «Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ маманымен бірлесіп елді мекеннің тазалығына мониторинг жүргізді.
Ағымдағы жылдың 17 сәуірінен бастап қаланың барлық мемлекеттік ұйымдарымен қалалық сенбіліктер өткізіледі.
Сондай-ақ кәріз қақпақтарының болуына мониторинг жүргізілді.
Мониторинг барысында ашық кәріз қақпақтары табылған жоқ. 6 және 7 шағын аудандарда жаңа кәріз қақпақтары орнатылды.