
«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы «Риддер қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесіп «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының қатысушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа-жоқ! Біз бірге күшпіз!» жастар квесті өткізілді.
Бұл квесттің мақсаты:
Қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың алдын алу және ынталандыру.
Азаматтық жауапкершілікті, құқықтық сана-сезімді, адамгершілікті тәрбиелеу.
Ойын 6 кезеңнен тұрды. Ойын барысында қатысушылар «сыбайлас жемқорлық», «пара», «алаяқтық» және т.б. ұғымдарды егжей-тегжейлі ашты.
Нәтижелері бойынша екі команда да бірдей ұпай жинады. Квесттің барлық қатысушылары сыйлықтармен марапатталды.