
"Риддер-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы"Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ маманымен бірлесіп, қаланың автомобиль жолдарына шұңқырлы және орташа жөндеу жүргізуге мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында 2021 жылға қалалық бюджеттен жолдарды күтіп ұстауға 127 миллион қаражат бөлінгені анықталды.
Алтайская, Гагарин, Айдарханов, Герцен, Орджоникидзе көшелеріне,Тәуелсіздік даңғылына, Шахтостроительная көшесіне, 4 шағын аудандағы үйлердің аулаларына, сондай-ақ 7 шағын аудандағы жолдарға асфальт төселді.
Автомобиль жолдарын асфальттау мердігері "Фирма Эталон"ЖШС болып табылады. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.