«Риддер - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы «Риддер қаласының тұрғын...

«Риддер - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы «Риддер қаласының тұрғын...

«Риддер - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы «Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ маманымен бірлесіп, апатты және жоғары вольтты сымдардың астында ағаштарды кесу жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Қазіргі уақытта Семипалатинская көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы бойынша жұмыстар орындалды.
Жұмыстарды орындауға бөлінген сома 10 920 мың теңгені құрайды.
Апатты және жоғары вольтты сымдардың астында ағаштарды кесу жұмыстарын орындауға «ZNH GROUP» ЖШС жауапты.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.