
Риддер қаласында қала аумағын көгалдандыру және санитариялық жағдайы жөніндегі келесі іс-шаралар жүргізіледі:
- 540 теректерді кесу (10920,0 мың теңге). Мердігерлік ұйым – «ZNH Group» ЖШС;
- 450 мың м2 шөп шабу (3199,0 мың теңге) Халықаралық мүгедектер қайырымдылық қоры. 8000 м2 гүлзар ұйымдастыру (22636,0 мың теңге) Халықаралық мүгедектер қайырымдылық қоры;
- контейнерлік алаңдарды жөндеу (13249,0 мың теңге) конкурс «Ютоол» ЖШС;
- қоғамдық аумақтардан қоқыс шығару (19075,0 мың теңге). Мердігер ұйым – «Фирма Эталон» ЖШС.
Риддер қаласында тұрақты негізде рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің анықталуына бақылау жүргізіледі, сондай-ақ жыл сайын көктемгі-күзгі кезеңде сенбіліктер өткізуге және қоғамдық аумақтардан қалдықтарды шығаруға қаражат бөлінеді. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталған жағдайда оларды жою бойынша уақтылы шаралар қабылданады.
Риддер қаласында ТҚҚ қайта өңдеу бойынша зауыт бар, оның аумағында қалдықтарды кейіннен қайта өңдей отырып, қоқысты қолмен сұрыптау жүргізіледі.
Көктемгі-жазғы кезеңде қала көшелерінде, аула аумақтарында, саябақтарда, мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде қылқан жапырақты және жапырақты ағаш көшеттерін отырғызу ұйымдастырылды. Отырғызылған көшеттердің жалпы саны 1500 данадан асты.
«ШҚО Риддер қаласының сумен жабдықтау және су бұру желілерін реконструкциялау» жобасын іске асыру бойынша орындалған және аяқталу сатысындағы жұмыстар туралы
"»Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 12.08.2019 жылы «Востоквзрывпром» ЖШС 3292,4 млн.теңге сомасына шарт жасалды. Шартқа сәйкес жұмыстарды аяқтау 31.12.2021 жылға жоспарланды, бүгінгі күні іс жүзінде 1679,4 млн.теңге игерілді, жұмыс көлемінің 51% орындалды. 2021 жылға қалдық сомасы 1613,0 мың теңгені құрайды.
Осы жобада Риддер қаласының аумағында орналасқан су тартқыштар мен қалалық сумен жабдықтау желілерінің учаскелерін, қолданыстағы коллекторлар мен кәріз желілерін реконструкциялау көзделді. Жобада коллекторларда орналасқан құдықтардың темірбетон элементтерін ауыстыра отырып, кәріз коллекторларының 27 учаскесін қайта жаңарту көзделеді.
Қаржыландыру көздері-республикалық бюджет, облыстық бюджет (бірлесіп қаржыландыру).
Жобаның мақсаты-қолданыстағы су құбыры және кәріз желілеріндегі аварияларды азайту.
Риддер қаласында сумен жабдықтау және су бұрудың тазарту құрылыстарын реконструкциялау:
- қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау;
- әлеуметтік шиеленісті азайту, демографиялық жағдайды тұрақтандыру;
- қала инфрақұрылымының одан әрі өсуін қамтамасыз ету;
- халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Жобаны іске асыру нәтижесінде судың сапасы мен сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің сенімділігі артады.
«Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ өз құзыреті шегінде «ШҚО Риддер қаласының қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру желілерін реконструкциялау» объектісін іске асыруға бюджеттік инвестициялық ұсынысты қарап, мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландырудың орындылығы негізді деп санайды.
Риддер қаласы әкімінің орынбасары Е. Тойбаев