Мектептеріне күрделі және орта жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді

Мектептеріне күрделі және орта жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді

"Риддер-Адалдық-Алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы М.М. Төлеухан, "Риддер қаласы бойынша білім бөлімі" ММ маманымен бірлесіп қала мектептеріне күрделі және орта жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.

"№14 орта мектеп" КММ мердігер "VIZIT GROUP" ЖШС 3-4 қабатты терезелерді ағымдағы жөндеу және 4 қабатты ғимараттың жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.Жөндеу жұмыстарының сметалық құны 31,21 млн.теңгені құрайды.Жөндеу жұмыстарын аяқтау 01.08.2021 жылға жоспарланған.

"№2 орта мектеп" КММ "Ютол" ЖШС және "ПМК Алтайремстрой" ЖШС мердігерлік ұйымдарымен спорт залға ағымдағы жөндеу(сметалық құны 5890,0 мың теңге) және жылыту жүйесіне ағымдағы жөндеу (сметалық құны-6667,360 мың теңге) жүргізілуде.

"№5 орта мектеп" КММ-де "The Honest Company" ЖШС мердігерлік ұйымы хоккей қорабына ағымдағы жөндеу жүргізуде. Сметалық құны 2 430 млн.теңге.