
”Риддер-Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің басшысы ШЖҚ "Риддер қалалық ауруханасы" КМК-да емделушілерді тегін тамақпен қамтамасыз ету сапасына мониторинг жүргізді.
Тегін тамақтандыруды ұсыну Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № 96 бұйрығымен реттеледі.
Мониторинг барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар , сондай-ақ тағам дайындауда пайдаланылатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін сертификаттар ұсынылды.
Сондай-ақ, мониторинг барысында азық-түлік сақтау қоймасы тексерілді, онда санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларға сәйкес күн сайын температуралық режимге бақылау жүргізіледі, сондай-ақ азық-түлік сақталатын үй-жайдың салыстырмалы ылғалдылығы журналы жүргізіледі.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты ас блогының медицина қызметкерлерін бақылау журналы қосымша жүргізіледі.
Мониторинг барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.