Риддерде су айдындарында шомылу қауіпті!

Риддерде су айдындарында шомылу қауіпті!

Су айдындарында жабдықталмаған орындарда шомылу, жүзе алмау, шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, сондай-ақ балаларды су айдындарының жанында ересектердің қарауынсыз қалдыру адамдардың қаза болуының негізгі себептерінің бірі болып табылады.

2020 жылғы шомылу маусымында Риддер қаласының су айдындарында жабдықталмаған жерде алкогольдік мас күйде суға шомылу кезінде 1 адам суға бату дерегі тіркелді. Сондай-ақ, 2021 жылдың басынан бері қала су айдындарында 2 адам суға кетті.

Әр адам қаладағы қауіпті жерлерді; Тихая өзені (1 ауданның бөгетінен төмен көпір), Үлбі өзені (Үлбастройдағы көпір ауданы; Үлбастрой ауылы, теміржол көпірінің ауданы ), Быструха өзені (Алтай, Филлиповская көшелеріндегі аудан; айлақ ауданы, Лесопыльная көшесінің көпірі; Быструха, Журавлиха қосылуындағы аудан) Шаравка өзені (Гравиемойка ауданы) және оның жанында орналасқан су қоймасының ерекшеліктерін білуі керек, өйткені жабдықталмаған жерлерде су басқан бөренелер, темір, шыны және басқа заттар болуы мүмкін. Бұл ретте, Риддер қаласында су айдындарының жанында демалу және шомылу үшін жабдықталған орындар жоқ екенін тұрғындар білуі қажет. Бірнеше рет төтенше жағдайлар басқармасымен қалалық жағажайды ұйымдастыру және құтқару бекетін құру туралы мәселені көтеріліп, алайда, бүгінгі таңда мәселе шешілмеген күйінде қалғанын айтқымыз келеді.

Риддер қ. ТЖБ 2021 жылғы шомылу маусымы кезеңінде жабдықталмаған су айдындары орындарында және суда көпшілік демалатын орындарда демалыс және мереке күндері жүргізілетін профилактикалық рейдтердің кестесі әзірленіп, қала әкімімен бекітілген кесте бойынша іс-шаралар шомылу маусымы аяқталғанға дейін жаласатынын хабарлаймыз..

Риддер қаласы су айдындарының жанында болған сәтте өз өміріңізге және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмемеулеріңізді сұрайды.

 

Риддер қ. ТЖБ