
Табиғат аясына демалуға барғанда, саяжайда жұмыс істегенде, саябақта қыдырғанда кене шағуына жол бермес үшін өте сақ болу қажет!
Есіңізде болсын, денені мұқият қарау, репелленттерді қолдану, дер кезінде дәрігерлік көмекке жүгіну ауыр дерттің алдын алады.
ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Катонқарағай, Зырян, Шемонаиха, Ұлан, Глубокое аудандары мен Риддер және Өскемен қалаларының аумақтары кене энцефалитінің табиғи ошақтары.
Кене энцефалиті – табиғи-ошақтық, вирустық ауру, орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Медициналық көмекке кеш жүгінген жағдайда, науқас адамдар сал ауруына шалдығады.
Бұл ауруды иксодес кенелері таратады. Адамдар арасында кене энцефалитінің жағдайлары көбінесе сәуір-мамыр-маусым айларында жиі тіркеледі, бұл кенелердің санының көбеюі мен белсенділігінің артуына байланысты.
Кенелер адамдарды көбінесе табиғатқа демалуға, мал жаюға, орманды жерлерде, саяжайларда жұмыс істегенде жиі шағады. Бірақта, кене энцефалитін орманға бармай-ақ, жұқтырып алуға болады, сондықтан кенені үйге әкелмеу үшін, табиғат аясынан келгенде үй жануарларын, гүл шоқтарын және т.б. заттарды мұқият тексеру керек.
Кенелер кене энцефалитінен басқа да: кене бөртпе сүзегі, кене боррелиозы, туляремия сияқты жұқпалы аурулардың таратушысы болып табылады.
Кенелерден сақтану үшін қарапайым ережелерді орындау қажет:
Кене шаққаннан соң, 3 күннен кешікпей жергілікті емдеу алдын алу мекемелеріне медициналық көмекке жүгіну қажет.
ЕСТЕРIҢIЗДЕ БОЛСЫН! КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІН ЕМДЕМЕЙ, АЛДЫН-АЛУҒА ТЫРЫСЫҢЫЗ!