
Біздің қаламыздың тұрғындары көз жеткізгендей, орман өрті өте қауіпті құбылыс. 2021 жылғы 10 мамырда болған төтенше жағдайдың қайталанбауы үшін орман объектілері үшін белгіленген өртке қарсы ережелерін қатаң сақтау қажет.
Статистикаға сүйенсек, орман өрттерінің негізгі себебі адам факторы болып табылады. Сол себепті күн сайын Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Риддер және Пихтовка орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп, Риддер қаласының полиция бөлімінің қызметкерлерін жұмылдыра отырып, орман алқаптарында профилактикалық рейдтер жүргізуде,сонымен қатар адамдарға жадынамалар, парақшалар беріледі, орман аймағына әуеден квадрокоптерлер арқылы мониторинг жүргізеді. Риддер қаласында ыстық ауа райының басталуымен көптеген адамдар табиғатқа демалуға барады және орман аймақтарында от жағуды жалғастыруда.
2021 жылғы сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облысында Өртке қарсы режим орнатылғанын хабарлаймыз, сондықтан орманға баруды бұл режим аяқталғанға дейін кейінге қалдыру қажет. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін құқұқбұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің әкімшілік жауапкершілігіның баптары қарастырылған.
Сонымен қатар орман шаруашылығының қызметкерлері бірнеше рет демалушылардың орманда қалдырған қоқыстарын алып шықты. Шыны, бөтелкелер үлкейткіш әйнектер үлкен өрттің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін екенін тағы хабарлаймыз.
Темекі шегу, сондай – кепкен шөпке темекі тұқылдарын немесе жағылған сіріңкелерді лақтыру-ормандағы өрттердің тағы бір себебі. Өтіп бара жатқан көліктің терезесінен тасталған темекі тұқылы да үлкен өртке әкеп соғуы мүмкін.
Орман демалыс аймағына кіре берісте " Орманды өрттен сақта!» жазуларын елемей өтіп кетпеңіз, балалармен бірге көрсетілген талаптармен танысқан дұрыс. Табиғатқа ұқыпты және жауапты көзқарасты қалыптастыру балалық шақтан басталады.
Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы, қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын орманды алқапта болған жағдайда сақ болуға шақырады! Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзбаңыз! Орманда от жақпаңыз! Қаламыздың мақтанышы - табиғат пен Орманды өрттен қорғайық! Орман аймағында жанудың айқын белгілерін байқаған жағдайда шұғыл түрде ол туралы 101 және 112 телефондары бойынша өртке қарсы қызметке хабарлаңыз.
Риддер қ. ТЖБ