
"Шығыс-Адалдық алаңы" жобасы шеңберінде Риддер қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, "Риддер-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы"Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ маманымен бірлесіп жол қозғалысын ұйымдастыру мониторингін жүргізді. Мониторинг барысында 2021 жылға қалалық бюджеттен жолдарды ұстауға 127 миллион қаражат бөлінгені анықталды. Алтайская, Гагарин, Айдарханов, Герцен, Орджоникидзе көшелері мен Тәуелсіздік даңғылдарына асфальт төселді. Семипалатинская көшесінде жол белгілері жасалды. Риддер қаласында барлығы 883 жол белгілері орнатылды. Жол белгілерін жаңарту бойынша ұсыныстар берілді.