"Шығыс-Адалдық алаңы" жобасы шеңберінде Риддер қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі

"Шығыс-Адалдық алаңы" жобасы шеңберінде Риддер қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі

"Шығыс-Адалдық алаңы" жобасы шеңберінде Риддер қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, "Риддер-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы "Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ маманымен бірлесіп, қаланы көгалдандыруға мониторинг жүргізілді, сондай-ақ ҚТҚ қоқыс полигонына шығу жүзеге асырылды. 2020 жылы Круглая Сопка маңына 900 ағаш отырғызылды. Қаланы көгалдандыру жазғы кезеңге жоспарланған. Ағымдағы жылдың 17 сәуірінен бастап қаланың барлық мемлекеттік ұйымдарымен қалалық сенбіліктер өткізіледі. Риддер қаласында Оструха тауының оңтүстік беткейінің төменгі бөлігінде 32 учаскеде ҚТҚ қоқыс полигоны орналасқан. 2020 жылдан бастап қалада қоқыс өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл автоматтандырылған қоқыс желісі және екі пиролиз пеші бар өте ықшам шеберхана. Қалада жиналған қоқыс сұрыптау торабына түсіріліп, содан кейін алты сұрыптау постына таратылады, онда резеңке, пластик, қағаз, металл, шыны, тамақ қалдықтары бөлінеді. Резеңке мен пластик пеште өңдеуге жіберіледі. Ай сайын ТКШ мамандарымен қайта өңдеу зауытының қызметіне бақылау жүргізіледі.