
2021 жылғы 26 мамырда 14-ӨСБ қызметкерлерімен және Риддер қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлерімен Тихая өзенінің бойында және Лесхоз ауылы жасанды су айдыны аумағында судағы жүріс-тұрыс қағидаларын түсіндіре отырып, рейдтік іс-шаралар өткізді. Сонымен қатар "Риддер аграрлық-техникалық колледжі" КМҚК қызметкерлерімен "Шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері", "Балалардың терезеден құлауын алдын алу", "Жазғы кезеңдегі қауіпсіздік ережелері", "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау"тақырыбында шағын жиналыс өткізілді. Кездесуде 20 адам қатысты.
Риддер қ. ТЖБ